Ресейде еңбек мигранттарына талап күшейтіледі
Ресейде еңбек мигранттарына талап күшейтіледі. Өйткені көрші елде ағымдағы жылдың алты айында шетелдік жұмысшылар 22 мыңнан астам қылмыс жасаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3 пайызға көп. Енді шетелдік азаматтар үшін жаңа ережелер енгізіледі. Яғни Ресейде жұмыс істеуге рұқсат алу үшін тұрақты және заңды табыс көзінің болуын растайтын құжаттар талап етіледі. Сондай-ақ орыс тілінен емтихан тапсыру да міндетті, бірге келетін отбасы мүшелерінің саны да шектеулі. Осы жылдың маусым айында Ресейден 7000-нан астам еңбек мигранты депортацияланды.
Вадим Коженов, сарапшы:
Соңғы жылда 140 мыңнан астам еңбек мигрантына Ресейге кіруге тыйым салынған. Басым бөлігінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуінің мерзімі өткен. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзғандар да көп. Алайда еңбек мигранттарының тіркеуге тұруы қиын екені жасырын емес. Себебі міндетті түрде қарсы алушы тарап болуы тиіс. Бұл мәселе қайта қаралуы керек деп ойлаймын.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
10.03.2026, 20:56
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
10.03.2026, 20:49
Өңір тұрғындары Конституциялық реформаға қолдау білдірді
10.03.2026, 20:16
Шетелге саяхаттау қауіпсіз бе?
10.03.2026, 20:16
Сыртқы Істер министрлігі ескерту жасады
10.03.2026, 20:12
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны емге пайдалануға қайтадан рұқсат етілмек
10.03.2026, 20:12
Елімізде былтыр 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
10.03.2026, 20:10
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
10.03.2026, 20:09