Елордада туберкулез, қызылша мен гепатит жұқтыру көрсеткіші артты
Елордада туберкулез, қызылша мен гепатит жұқтыру көрсеткіші артып отыр. Бұл туралы Астананың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мәлімдеді. Оның сөзінше гепатиттің тек А түріне шалдыққан ересектер қатары 88%-ке өскен. Ал, қызылша дертін жыл басынан бері 117 адам жұқтырған. Оның 97-сі бала. Ресми дерек бойынша вирус жұқтырған 90 баланың ата-анасы екпе алудан бас тартқан. Бұдан бөлек шетелден келген азаматтардан да инфекция табылып отыр. Арасында Мысыр, Өзбекстан мен Әзербайжаннан оралғандар бар. Ал Тайландтан келген Ресей азаматынан денге безгегі табылған. Сондай-ақ бас санитар 2 жасөспірімнің ағзаның иммун тапшылығы вирусын жұқтырғанын мәлімдеді. Бүгінде елімізде осы қауіпті індетпен 3 мыңға жуық адам күресіп келеді.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09