Абай облысындағы «Семей орманы» резерватынан өрт шықты
Абай облысындағы «Семей орманы» резерватынан өрт шықты. Бесқарағай ауадындағы Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөп пен ағаштар жанған. Өртті сөндіруге шұғыл түрде Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 100 адам мен 20-дан астам техника жұмылдырылды. Министрліктің авиациясы да жіберілді. Көрші аймақтардан да көмек жіберілді.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов та ұшып келді. Өрт болған аймақта «Шошқалы» демалыс орны бар. Тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Министрліктің дағдарыс орталығында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
Эльдор Райымбеков, ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығы кезекші бөлімінің бастығы:
Орман шаруашылығының ақпараты бойынша, өрттің көлемі 350 гектарды құрап отыр. Орманда болып жатқаны – 150 гектар. Өрттің алдын алу және оны анықтау үшін бізде геопортал арқылы өрттің точкалары бойынша қарастрып жатырмыз. Ақпараттар қосымша жедел штабқа жолданып жатыр.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан–Қытай мәдени байланысы беки түспек
13.08.2026, 17:05
ШҚО-да үш мыңға жуық волонтер жұмыс істейді
13.08.2026, 17:04
Елордадан Бурабайға есірткіге қарсы арнайы пойыз қатынай бастады
13.08.2026, 17:00
«Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген жануарлар көбейіп келеді
13.08.2026, 16:57
Қостанайда 20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылады
13.08.2026, 16:56
Испанияда 37 000 гектар орман алқабы өртеніп кетті
13.08.2026, 16:56
Этна вулканының атқылауына байланысты Сицилия мен Мальтада әуе рейстері тоқтатылды
13.08.2026, 16:54
Дербес деректерінің сатылымға шығарылғаны рас па?
13.08.2026, 16:50