ШҚО-да үш мыңға жуық волонтер жұмыс істейді
Шығыс Қазақстан облысындағы жалпы тұрғындардың 24 пайызы жастар. Олардың басым бөлігі оқу-ағарту және кәсіпкерлік саласында еңбек етеді. Ал соңғы бірнеше жылда өңірдегі ірі ауыр өндіріске де жас кадрлар көптеп орналаса бастады. Аймақта әр салада еңбек етіп жүрген жастар облыс әкімімен кездесіп ұсыныс-пікірлерін айтып, өздері қолға алған жобаларын таныстырды.
Шығыстағы жастар өте белсенді. Әр салада еңбек етсе де, елдік мүддеге қатысты мәселе де үнемі бірігп әрекет етеді. Әкіммен әңгімеге бұл жолы түрлі салада көшбасшы болып жүрген жастар жиналды. Сөздері анық. Ойлары ашық. Сондықтан да өздеріне қатысты шетін мәселеден шет қалғысы жоқ.
Сымбат Рамазанов, жастар ұйымының белсендісі:
«Шығыс баспана» бағдарламасы сияқты пайызы бір төменірек болатын баспана алу мәселелері осы Шығыс Қазақстан облысында қолға алынып,қаралса жастарға үлкен мүмкіндік бола ма,деп ойлаймын.
Қазір шығыста үш мыңға жуық волонтер жұмыс істейді. Олар «Таза Қазақстан» сияқты ірі жобаларды іске асыруды көш бастап тұр.
Анель Шәріпжанова, волонтер:
Алдағы уақытта оқу жылы келе жатыр.Дәл осы оқу жылында волонтерлардың саны тағы да артатын болады. Тағы да өте үлкен жұмыстар атқарамыз деп ойлаймын.
Жастардың ойын, ұсыныс пікірін өңір басшысы ақ жауын құйып тұрса да ерекше ықыласпен тыңдап бір сәт ағалық ақылын да айтты.
Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:
Үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарап, досқа жолдас бола білуіміз керек. Береке бірлікте деп айтады. Бірлік қатар туу емес, қатар ойлану, қатар қарау.Қатар шешім қабылдау.Көзқарас бір болу керек. Жарқын болашаққа.
Жарқын болашаққа жастар сенеді. Ол үшін ерінбей еңбек ету керек екенін түсінеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы