Дербес деректерінің сатылымға шығарылғаны рас па?
ІІМ қазақстандықтардың дербес деректерінің сатылымға шыққаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ведомство өкілдерінің сөзінше, қоғамда алаңдаушылық туғызған бұл ақпарат жіті тексерілгенін және eGov порталына заңсыз кіру немесе қол жеткізу фактілері тіркелмегенін алға тартты. Сонымен қатар, хабарландырудың жариялаған және орналастырған тұлғаны, ұсынылып отырған деректердің қайдан алынғанын, сондай-ақ оларды заңсыз алуға және таратуға қатысы бар барлық адамды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.
Шыңғыс Әлекешов, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:
Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде азаматтардың дербес деректерін қорғауға қатысты конституциялық кепілдікті іске асыруға барынша жауапкершілікпен қарайды. Барлық қатысы бар тұлғаны анықтау үшін қажетті шаралардың бәрі қабылданады. Ешкім жауапкершіліктен жалтара алмайды. Бұл жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы»
20.10.2026, 10:47
Ақтауда теңіздің экологиялық мәселесі түсіндірілді
20.10.2026, 10:14
Мажарстанда қазақ киносының күндері өтті
20.10.2026, 10:10
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
20.10.2026, 10:09
«Құрылтай феномені» кітабы таныстырылды
20.10.2026, 10:09
Атбасардың жылу инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
20.10.2026, 10:08
Ресейде сапасы төмен бензин өндіруге рұқсат берілді
20.10.2026, 10:07
Украина бойынша саммит өткізу мәселесі талқыланып жатыр
20.10.2026, 10:06