Қостанайда 20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылады
Қостанайда 20 жылдан астам тарихы бар аквапарк реконструкциядан өтіп, елдегі ең ірі су кешеніне айналмақ. Аумағы 10 мың шаршы метрден асатын жаңа нысан 500 адамға шақталған. Оның негізгі бөлігі аква аймаққа жеті бассейн мен бірнеше су сырғанақтары салынады. Ең үлкен су аттракционының ұзындығы 75 метрге дейін жетеді, сондай-ақ алаңда фудкорт, демалыс аймақтары болады. Нысан іске қосылғаннан кейін жергілікті тұрғындар үшін жүзден аса жаңа жұмыс орны ашылады.
Рауан Байгенжин, жоба жетекшісі:
Ескі аквапаркке қарағанда бассейндер саны 3 есе көбейтілген. Акватоник бассейні, гидротоник аквамассаж функциясымен, адамдардың денсаулығына пайдалы бассейн. Қазір жұмыстың аяқталу пайызы 94-ке жуық. Осы айдың соңында жұмыс аяқталуы тиіс. Жобаның құны 11 млрд-қа жуық.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21