Краудфандиг арқылы «Қазақ хандығы» киножобасына қаржы жинау жүріп жатыр. Ал, жобаны жасаушылар өздерінің ресми сайттарына «Олар бізді 550 жыл күтті» деп жазыпты. Сол арқылы, сериалды сапалы қылып шығару үшін қосымша қаржы таруды ниет қылыпты.
Қазірдің өзінде жоба үшін 101 млн 94 мың теңге жиналған. Дегенмен, краудфандингтің аяқталуына әлі 26 күн бар. Осы уақыт ішінде халықтың жобаға қолдау көрсету үшін есеп-шотқа аударатын қаржысы да артуы ғажап емес. Өйткені, краудфандиг арқылы ақша аударып жатқан азаматтардың есімдері фильм соңындағы титрде берілетіндігі белгілі болды.
Күні бүгінге дейін жобаға түрлі мөлшерде қаржы аударған азаматтар бар. Мәселен, өзін Бауыржан деп таныстырған отандасымыз жобаға 600 мың теңге аударса, Қанибет Алпамыс есімді азамат 220 мың, Тимур Турлов деген азамат 100 мың теңге аударған.
Жалпы, краудфандиг ұғымының пайда болғанына көп болған жоқ. Бұл қандай да бір жобаны бұқараның қаржыландыруының көрінісі. Бұған дейін қазақстандықтар «28 панфиловшы» фильміне осы краудфандиг арқылы ақша жинаған болатын. Енді бұл тәсіл «Қазақ хандығы» жобасына қатысты қолданылып жатыр.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсіріле бастаған сериал Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші томы «Алмас қылыш» романының желісіне негізделген. Сериалдың алғашқы 10 сериасы хандықтың құрылған кезін суреттейді.

Kaztrk.kaznews.kz
Фотолар qazaqeli550.kz сайтынан алынды.