Австралияда 1 млн гектар алқап жанып кетті
Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы орман өртінің түтіні Сиднейге дейін жетті. Қала тұрғындары ащы түтіннен тұншығып отырғандарын айтып, шағымдануда. Мамандардың айтуынша, қазір ауа сапасы денсаулыққа 10 есе қауіпті болып тұр. Сондықтан жергілікті билік адамдарға үйде қалуды ескертті.
Айта кетсек, Австралияда алапат орман өрті екінші аптаға жалғасты. Күшті жел оның жылдам таралуына ықпал етіп, 100-ге тарта жалын ошағы тіркелген. Бұған дейін апаттан 4 адамның қаза тапқаны белгілі болды. Сонымен қатар 300-ден астам тұрғын үй мен 1 миллион гектардан астам алқап жанып кетті.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстан қазақтары: «Ақындар – асыл мұрамыз»
09.02.2026, 17:39
Қысқы Олимпиада: Бүгін қазақстандықтар екі спорт түрінен жарысады
09.02.2026, 17:38
Үлгілі ауылындағы үлгілі әже жертөлесін музейге айналдырған
09.02.2026, 17:37
Түркістанда этнос өкілдері Мұқағалидың өлеңдерін жатқа айтты
09.02.2026, 17:34
Алтынемелде аң көбейіп келеді
09.02.2026, 17:32
БҚО-да алпыс жылқы арам өлді
09.02.2026, 17:30
Атырау облысында ірі қарадан жұқпалы ауру анықталды
09.02.2026, 17:27
Ақмола облысында ₸1 трлн инвестиция жобалары мақұлданды
09.02.2026, 17:24