Солтүстік Қазақстанда 3 үй өртеніп кетті

22.04.2020

Елімізде күн жылып, жер кепкелі дала өрттері жиілеп кетті. Бірақ мамандардың айтуынша, негізгі себеп — адамдардың салғырттығы. Табиғат аясына серуенге шыққан демалушылар, шаруалар және саяжай иелері былтырғы құрғақ шөпті жиі жағады. Ал оның арты өрте ұласып жатыр.

Көктем шыққалы бері бір ғана Шығыс Қазақстан өңірінде 100-ге жуық дала өрті тіркелді. Жалпы аумағы 1900 гектарға жуық алқап жанып кетті.

Солтүстік Қазақстанда да адамдардың салғырттығы салдарынан өрт шығып, 3 үй жанып кетті.

Ал еліміздегі орман алқаптарының 70 пайыздан астамы өсетін Шығыс Қазақстанда қазірдің өзінде қызыл жалын ағаштарды да шарпып үлгерген. Бесқарағай ауданында орманның 2 гектар жанып кеткен.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу