Павлодар облысындағы екі күнге созылған өрт сөндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы екі күнге созылған өрт сөндірілді

10.10.2022

Павлодар облысының Ақсу қаласы, Павлодар және Май ауданында екі күнге созылған өрт сөндірілді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше негізінен ауыл маңында қау шөп, қамыс жанған. Кей жерлерде тұрғындардың қысқа дайындаған шөбіне от тиді. Май ауданына қарасты Баскөл ауылдық округінің 100 гектарға жуық шабындық жерлері жанып кетті. Жалынды сөндіруге Баскөл, Кеңтүбек, Көктөбе ауылы тұрғындары жұмылдырылды. Қазір өрттің себебі және шығын мөлшері есептеліп жатыр. Зардап шеккен адамдар жоқ. Шаруашылықтардың қора-қопсы, малы аман.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу