БҚО-дағы 200-ден астам ауылда жоғары жылдамдықты интернет байланысы жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-дағы 200-ден астам ауылда жоғары жылдамдықты интернет байланысы жоқ

13.07.2023

Батыс Қазақстан облысындағы 200-ден астам ауылда жоғары жылдамдықты интернет байланысы жоқ. Цифрлық даму министрі бұл мәселе 2027 жылға дейін біртіндеп шешілетінін айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірге жұмыс сапарымен келген Бағдат Мусин алдымен, жаңа «JAIQ-Hub» орталығының ашылуына қатысты. Мұнда жас технологтар жұмыс істейді әрі ай-ти саласындағы тың идеяларын жүзеге асырады. Министр жаңа жобалармен танысып, кәсіпкерлер ұсынысын тыңдады. Жұртшылықпен жүздесуде елдегі цифрландыру саясаты жайлы баяндап, өңір тұрғындарының сауалына жауап берді. Облыста 413 ауылдың жартысы ғана 4G интернет байланысымен қамтылған. Ақсай қаласы мен облыс орталығының он шақты ауданында желі сапасы төмен. Министр мәселе біртіндеп шешілетінін айтты.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

«Қолжетімді интернет» деген ұлттық жобамен таныстырған болатынбыз. Сол жобаның аясында біз әрбір ауылдық округке оптика тартамыз және сол ауылдық елдімекендердің ішіндегі инфрақұрылымды жақсартамыз, базалық стансаларды орнатамыз деген уәде бердім.


Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу