Елордада «Мағжан» спектаклінің премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Мағжан» спектаклінің премьерасы өтті

05.07.2023

Бұл Елорданың 25 жылдық мерейтойына арнайы гастрольдік сапармен келген Түркістан музыкалық драма театрының қойылымы. Астаналықтар назарына жас драматург Алмас Нүсіптің «Мағжан» спектаклін ұсынды. Өмірі аңызға айналға ағартушы, кемеңгер ақын Мағжан Жұмабаевтың тағдыры арқылы, өткен ғасырдың 20-шы жылдарында қазақ даласын шарпыған ашаршылық, халық құқығы үшін күрес, білім алудағы қиындықтар қозғалады. Театр жетекшісінің айтуынша, көрермен Мағжанды қойылымда жаңа қырынан таниды.

Айнұр Көпбасарова, театрдың көркемдік жетекшісі:

Бұл жерде біз тек романтикалық бейне емес, Мағжанның ішкі болмысын көрсету үшін тырыстық. Режиисер - Давид Ливермор. Бұл спектакль арқылы біз сол замандағы қолы жетпеген бостандық, жүректеріндегі наз біз 1,5 сағатқа сыйдырып көрерменге ұсындық.

Алмас Нүсіп, пьеса авторы:

Менің негізігі бергім келген нәрсе – 1921-22 жылдағы аштық. Сол аштықтың кезіәндегі Мағжанның қайраткерлігі. Мағжанның басындағы азап пен қазақтың басына төнген аштық екеуі – параллелиизм. Осы жағынан Мағжанды ашуға тырыстым – негізгі тақырып осы.


Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу