Ресейдің Орынбор облысындағы қазақ музейі жаңғыртылады
Ресейдің Орынбор облысы, Беляев ауданында қазақ музейі жаңғыртылады. Өңірдегі өлкетанушылар, музей қызметкерлері ұлтымыздың тарихын, дәстүрін айшықтайтын құнды жәдігерлерді жинап жатыр. Оған аудандағы тұрғындар да атсалысуда. Басты мақсат – ұлттық кодымызды сақтап, дәстүрімізді жаңғырту дейді олар. Ал өңірдегі тарихшы, энциклопедист Совет Шақымов жойылып кеткен қазақ ауылдары туралы зерттеу жүргізіп, арнайы кітап шығарған.
Совет Шақымов, тарихшы, энциклопедист:
Мен зерттеумен мектеп кезінен бастап айналыстым. Тек Беляев ауданында 200-ден астам ауылдың болғаны анықталды. Қазір оның 28-і ғана қалған. Жойылып кеткен елді-мекендердің ішінде қазақ ауылдары көп. Ауылдар, тіпті карта бетінен жоғалып кеткен. Ең көне ауылдардың бірі Бораншы ауылы деп айтуға болады. Ол шамамен 1621 жылы құрылған.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06