Асхат Аймағамбетов: Бюджет қаржысын игеру мәселесінде мемлекеттік сатып алу заңы және рәсімдерін реттеуге тиіспіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асхат Аймағамбетов: Бюджет қаржысын игеру мәселесінде мемлекеттік сатып алу заңы және рәсімдерін реттеуге тиіспіз

25.06.2023

Осы аптада Үкімет пен Жоғары аудиторлық палата Парламент алдында республикалық бюджетті орындау бойынша есеп берді. Құжат бекітілгенімен, есепке көңілі толмаған депутаттар да бар. Жалпыұлттық социал-демократиялық және «Ақжол» партияларының мүшелері қарсы дауыс берген. 2 сағатқа созылған жиында Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова бюджет есебінен іске асатын жобалардың құны негізсіз өскеніне мән береді. Сондықтан қаражатты тиімсіз жұмсағандарға қомақты айыппұл салуды ұсынып отыр. Сыртқы қарыз мәселесі де көтерілген. Былтыр 2021 жылмен салыстырғанда берешек 320 млрд теңгеге артқан. Жалпы, Қазақстан қазір өзге елдерге 54 миллиард доллар және 25 триллион теңге қарыз. Дегенмен, Үкімет басшысы «алдағы 5 жылда мемлекеттің қарызы қауіпсіз деңгейде болып, Жалпы ішкі өнімге шаққанда 25 пайыз шектен аспайды» деп сендірді.

Қазына қаражатының жұмсалуына қатысты сын жылда айтылып жатады. Неліктен? Осы және өзге де мәселелерді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовпен талқыладық.

 

Хабарламаларға жазылу