Қырғызстанда мұнай базасы жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда мұнай базасы жарылды

21.06.2023

Қырғызстанда мұнай базасы жарылып, 4 адам зардап шекті. Оқыс оқиға Шу облысының Шопоков қаласында болды. Мұнай базасында бір цистернадан өрт шығып, ол артынша жарылысқа ұласқан. Маңайдағы көліктер де отқа оранды. Ал жарақат алған 4 адам ауруханаға жедел жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің дерегінше, олардың денесін әртүрлі дәрежеде күйік шалған.


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу