Ең ірі мұнай өңдеу зауыты үкімет бақылауына көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең ірі мұнай өңдеу зауыты үкімет бақылауына көшті

27.06.2014
Ең ірі мұнай өңдеу зауыты үкімет бақылауына көшті
 
Ирактағы ең ірі мұнай өңдеу зауыты орналасқан Байджи қаласын үкіметтік күштер толықтай қайта бақылауға алды. Бұл мәліметті билік өкілдері растап отыр. Бұдан бірнеше күн бұрын Бағдаттың оңтүстігіндегі зауытты жиһадшылар басып алған еді.
 
Әскерилердің сөзінше, үкіметтік күштер, «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» қарулы тобымен қақтығысып, бірнеше мүшесін мерт еткен. Дегенмен, Ирактың солтүстігі мен батысы, ең ірі әуе базасы мен бірнеше мұнай кеніші әзірге жиһадшылардың бақылауында қалып отыр.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу