Нигерия жағалауында мұнай танкері жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерия жағалауында мұнай танкері жарылды

03.02.2022

Бүгін Нигерия жағалауында бортында 10 адамы бар мұнай танкері жарылды. Содан кейін өртеніп, суға кетіп бара жатқан кемеден көкке қою түтін көтерілді.

Бұл – мұнайды өндіретін және сақтайтын танкер. Оған тәулігіне шамамен 2 миллион баррель шикізат сияды.

Апатқа не себеп болғаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Бұл аймақтың табиғаты ондаған жылдар бойы көмірсутегі өндірісінен зардап шегіп келеді. Мұнайдың төгілуі мен газдың өртенуінен Нигер дельтасы экологиялық жүйесінің айтарлықтай бөлігі жойылып, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да зиян тиіп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу