Қазақстаннан мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстаннан мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынады

11.12.2018

Бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деді. Айтуынша, біздің елмен салыстырғанда көрші мемлекеттерде бензин мен дизельдің отыны қымбат. Салдарынан шекаралас аймақтарда алыпсатарлар қаптап, отандық мұнай өнімдерін қалағандарынша тасымалдауға көшкен. АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы елімізде 154 теңге болса, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанда 273 теңге төңірегінде. Дизельді отынның бағасы да көршілерде арзан емес. Бізден қарағанда 57 теңгеге артық төлейді. Қазір, мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға уақытша тыйым салуға қатысты шаралар әзірленіп жатыр. «Ал, жалпы отандық нарықта мұнай өнімдері бойынша жағдай тұрақты», - деді министр. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Жанар-жағармайдың тапшылығы жоқ. 10 желтоқсандағы жағдай бойынша АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы литрі үшін 154,8 теңге, ал, дизель отыны литрі үшін 193,2 теңгені құрайды. Сонымен қатар, еліміздегі мұнай базаларында жанар-жағармайдың қоры ішкі нарықтың қажеттілігіне жеткілікті.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу