Шығыс Қазақстан облысы әкімі қызметінен Ахметов кетіп, Көшербаев келді
Бұған дейін Шығыс Қазақстан құрамына кірген Семейдің облыс орталығы болғанына 1 жылдан енді асқанын білеміз.
Сол Шығыс Қазақстан облысын 9 жылға жуық басқарған Даниал Ахметовтың өкілеттік мерзімі осы аптада, дәлірек айтсақ, туған күні 15 маусымда аяқталды. Келесі күні оның бұл лауазымнан босатылғаны туралы Президент жарлығы шықты.
Ахметов «Павлодаржилстрой» комбинатында жұмыс бригадирі болып бастап, премьер-министр лауазымына дейін өскен. 2000 жылдарға дейін Екібастұз қалалық әкімшілігін басқарып, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімі, вице-премьер болып үлгерді. Ал 2003-2007 жылдар аралығында үкімет басқарды. Кейін Қорғаныс министрі болып тағайындалып, 2009 жылы жемқорлық фактісі бойынша шу шығып, бұл қызметтен босатылған еді. 5 жылдық үзілістен соң, яғни, 2014 жылы Ахметов саяси аренада қайта пайда болып, Шығыс Қазақстан облысын басқара бастайды. Содан бері осы жылға дейін 2 рет қайта тағайындалып, бір рет мерзімі ұзартылған еді.
Ал жаңа тағайындалған әкім Ермек Көшербаев кім? Алматы тумасы болғанымен, Шығыс Қазақстанмен таныс. 2010 жылы облыс әкімі орынбасарының міндетін атқарушы болған. Кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына дейін өскен. Түрлі жылдары Швейцариядағы Қазақстан елшілігінің бірінші хатшысы, Ауыл шаруашылығы вице-министрі болған, «Қазтрансойл», «Қазмұнайгаз» компанияларында да қызмет еткен. Соңғы қызметі: Қазақстанның Ресейдегі елшісі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Шетелде білім алып, елге оралу керек»
14.09.2026, 23:14
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10