Бүгін Kaspi банктің Астанадағы бөлімшесіне қарулы адам шабуыл жасады
Хабарымызды оқыс оқиғадан бастаймыз. Бүгін түсте Kaspi банктің Астанадағы бөлімшесіне қарулы адам шабуыл жасады. Ер адам банк қызметкерлерін кепілге алып, ішінен есікті құлыптап тастаған. Банк күзетшісі дабыл түймесін басып, полиция қысқа мерзімде оқиға орнына жетті. Кепілге алынғандарды босату операциясы 2 сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Шабуыл жасаушы ұсталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам наркологиялық диспансерде есепте тұрады.
Оқиға кезінде банктің 7 қызметкеріне қауіп төнген. Ешкім зардап шеккен жоқ. Банк ұжымы қызметкерлердің және олардың отбасыларының атынан құқық қорғау органдарына жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15