Абай облысы: Қаза тапқандардың отбасына 7 млн теңге беріледі
Абай облысында өрттен қаза тапқан орманшылардың отбасыларына «Қазақстан халқына» қорынан 7 миллион теңгеден, кәмелетке толмаған әр балаға 2 миллион теңгеден төленеді. Сонымен қатар, 40-тан астам жоғары оқу орны өрттен зардап шеккен отбасылардың студенттеріне грант пен жатақханадан орын беруге дайын. Оған қоса, ақылы негізде оқитын студенттер мен магистранттарды грантқа ауыстыру көзделген. Жанұядағы кәмелеттік жасқа толмаған балаларға республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы беріледі. Сол сияқты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы әлеуметтік төлемақы тағайындалады, Қажетті жиһазбен жабдықталған тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ қайтыс болған адамдар мен олардың отбасыларының несиелері кешіріледі.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде егін жинау науқаны былтырғыдан екі есе жылдам жүріп жатыр
18.08.2026, 11:03
Ұлттық банк Конституцияға арналған коллекциялық монетаны айналымға шығарады
18.08.2026, 10:08
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай – жаңа Конституцияның нақты көрінісі
18.08.2026, 10:07
Сайлауға шетелдегі отандастар белсене қатыспақ
18.08.2026, 10:06
Трамп Оманды бомбалайтынын ескертті
18.08.2026, 10:05
Колумбияда жер сілкінісінен келген экономикалық шығын 9 млрд доллардан асты
18.08.2026, 10:04
Мұнай бағасы қайта көтеріліп, 91 доллардан асты
18.08.2026, 10:03
Түркістанда 27 инвестордың құқығы қорғалды
18.08.2026, 10:03