Абай облысында өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберіліп жатыр
Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек жіберіліп жатыр. Бородулиха ауданына бүгінге дейін бір жарым тонна ұн, 400 келі қой еті мен құс еті, 200 литрден астам сұйық май, ауыз су, сүт өнімдері, гигиеналық заттар мен дәрі-дәрмек жеткен. Бұл қарапайым тұрғындардың ғана емес, түрлі ұйымдар мен кәсіпкерлердің, мемлекеттік органдардың жинаған қаражатына алынған. Келген заттар штаб жанындағы арнайы орында жиналған. Сонымен қатар онда ыстық ас әзірленіп, көпшілікке үлестіріліп жатыр. Қызыл жалынмен күресіп жатқандарға көмекке келген аудан тұрғындарының да қарасы қалың.
Сондай-ақ Қарағанды облысының Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері ормандағы өрттен зардап шеккен Абай облысының тұрғындары мен өрт сөндірушілерге гуманитарлық көмек жөнелтті. Зардап шеккендерге барлық қажетті заттар тиелген алғашқы жүк көлігі жолға шықты. Бұл небәрі бір күнде ғана жиналған көмек. Осындай қажетті заттар тиелген көліктер тағы жіберілетін болады.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06