Қызылордада төлем терминалын тонаған 4 күдікті қолға түсті
Қызылордада дүкендер мен дәріханалардағы төлем терминалдарын тонаған 4 адам қолға түсті. Күдіктілердің барлығы жергілікті тұрғындар.
Олар қылмыстық әрекеттерін тек түнгі уақытта жүзеге асырып отырған. Құрылғының ішіндегі ақшаны алып, қылмыстың ізін жасыру үшін терминалдарды қала сыртындағы су айдынына тастап келген. Алайда полиция көп ұзамай төрт азаматты ұстады. Күдіктілердің екеуі қамауға алынып, екеуіне ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір шығын көлемі есептеліп, олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа бағыты
12.03.2026, 20:58
Жаңа Конституция жобасы кемел келешектің кепілі
12.03.2026, 20:57
Ислам Республикасының жаңа жоғарғы жетекшісі алғаш рет мәлімдеме жасады
12.03.2026, 20:54
LRT жолақысы 200 теңге болуы мүмкін
12.03.2026, 20:53
Референдумға қатысу үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалады
12.03.2026, 20:51
«Ерекше» фильмінің премьерасы өтті
12.03.2026, 20:49
AI-Sana бағдарламасы студенттерді қабылдауға дайын
12.03.2026, 20:47
ОРК төрағасы ШЫҰ мен ТМҰ байқаушылар миссиясының басшылығымен кездесті
12.03.2026, 20:10