Құны 50 млн теңгеден асатын автокөлігі барларға салынатын салық көлемі ұлғаймақ
Құны 50 млн теңгеден асатын автокөлігі барларға салынатын салық көлемі ұлғаймақ. Сонымен қатар, жеке ұшағы мен яхтасы бар азаматтарға салынатын көлік салығын көбейту керек. Ұлттық экономика министрінің орынбасары Азамат Әмрин Сенатта өткен дөңгелек үстелде осылай деді. Оның айтуынша, қымбат мүлік иелері қазір бюджетке небары 13 мың теңге ғана төлеп келеді. Сондықтан, дайындалып жатқан жаңа Салық кодексінде осындай олқылықтарды болдырмау керек. Жобада түсімдерді көбейту үшін жүктемені анағұрлым жоғары кірісті салаларға көшіру және табыс деңгейі жоғары салық төлеушілерден түсетін кірісті күшейту, сондай-ақ кодексті халықаралық практика нормаларына сәйкес келтіру жолдары қарастырылған.
Серік Селеубайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан» акциясы аясында жастармен кездесу өтті
19.10.2026, 10:12
Cпорттағы оң өзгерістер өзгелер үшін де үлгі
19.10.2026, 10:10
Нагояда Азия пара ойындары басталды
19.10.2026, 10:09
Елордада Республика күні 120-дан аса іс-шара өтеді
19.10.2026, 10:08
Ұлттық ғылым академиясына – 80 жыл
19.10.2026, 10:07
Екі қалада есірткі сатқан әйел ұсталды
19.10.2026, 10:07
Канадада әскери базада өрт болып, 4 сарбаз қаза тапты
19.10.2026, 10:05
Наразылық акциялары: Макрон халыққа үндеу жасады
19.10.2026, 10:04