Астанада 20-21 маусым күндері Халықаралық волонтерлер форумы өтеді. Шараға әлемнің 34 елінен 140-қа жуық делегат қатыспақ. Сондай-ақ елімізде байқау арқылы іріктелген ең үздік 80 волонтер бас қосады.
Қолдауға мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қоғамдағы кез келген жағдайға бей-жай қарамайтын еріктілердің қатары күн сайын көбейіп жатыр. Соңғы үш жылдың өзінде волонтерлік ұйымдардың саны 3 есеге артып, белсенділердің қатары 200 мыңға жетіп, 4 есеге көбейді. Олардың 65 пайызы 29 бен 54 жас аралығындағы азаматтар.
Томирис Сәбит, ерікті:
Ерікті болсаң адамдарға көмектесесің, өзің үшін көптеген мүмкіндіктерді ашасың. Еріктілерімізбен бірге әлеуметтік шеберхана деген жобамызды бастаған болатынбыз. Бұл жобаның мақсаты – балалар үйінің тәрбиеленушілеріне әлеуметтік көмек көрсету, профоринтациялық жұмыстар, оларға балалар үйінің қабырғасынан шет әлемді көрсету.
Былтыр тұңғыш рет Орта Азиядағы еріктілердің форумы өтсе, биыл 34 елдің өкілі қатысатын халықарлық жиын өтпек. Кіл мықтылардың басы қосылып, өзара тәжірибе аламасатын маңызды шараға еліміздегі ең үздік 80 волонтер қатыспақ. Соның бірі - Бағдат Анарбаева.
Бағдат Анарбаева, Алматы қаласы Волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі:
Біз соны қуана-қуана күтіп жатырмыз, шыны керек. Өйткені бұл тәжірибе алмасауға үлкен мүмкіндік. Өйткені, волонтерлық жұмыс ауыр жұмыстың бірі.
Кейбір жерде қабілет те жетіспейді. Кейде волонтерлық жұмысты істеу бойынша жаңа механизм жетіспейді. Сол үшін әрине үйренетін жерлеріміз бар. Өйткені Еуропа және басқа елдерде бұл бұрыннан дамыған.
Бүгінде еліміз еріктілер қозғалысы бойынша Орта Азияда көш бастап тұр. БҰҰ-ның Еріктілер бағдарламасы аясында 7 отандасымыз шетелдерде жұмыс істейді. Қазақстан – мұндай мүмкіндікке ие болып отырған әлемдегі 16 елдің бірі.
Әйгерім Ердәулет