Facebook жасанды сана технологияларын дамытпақ

Facebook зағип жандарға суреттерді сипаттап беретін технология жасауға кірісті. Әлемдік алпауыт компанияның иесі Марк Цукерберг өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Facebook-тің зағип жандар үшін арнайы технология жасауға кіріскенін мәлімдеді.
Жаңа технология алдымен суреттердің формасын анықтайды. Содан соң, оны көздері көрмейтін жандардың да сезінуіне мүмкіндік береді. Марк Цукерберг: «Біздің жасанды сана технологиямыз фотоларды «көре» алады және оның не екендігін анықтайды. Содан соң, оны сізге түсіндіріп береді. Бұл сіздің көзіңіз нашар көрсе немесе мүлдем зағип болсаңыз көмегі тиетін дүние. Біз компьютерлердің қоршаған ортаны тануына жасанды саналар жақсы көмектесетіндігін байқадық, демек олар бізге де қолғабыс жасайды»-деп атап өтті. Сонымен бірге ол жасанды сана технологияларын дамытуда әзірге аса елеулі табыстар жоқ екендігін, бірақ болашақта бұл технологиялар өте пайдалы болатындығын жазған.
Kaznews.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41