Физули мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтеді

Астанада қарашаның 6 сы күні әзербайжан халқының ұлы ақыны Мұхаммед Физулиге арналған халықаралық симпозиум өтеді. «Түркі руханиятындағы Физули мұрасы» деп аталатын шараны Жүніс Әміре түрік мәдени орталығы мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесіп ұйымдастырып жатыр.
Симпозиум Шығыстың ұлы шайырын қазаққа таныстыру, қазақстандықтардың арасында насихаттау мақсатын көздейді. Абайдың өзі «Физули, Шәмси, Сайхали...» деп тамсанған ақын шығармалары түрік, түркімен, әзербайжан, өзбек оқырмандарының арасында кеңінен танымал. Алайда, қазақ оқырмандары Мұхаммед Физулидің туындыларымен жақсы таныс деу қиын. Әлемге әйгілі «Ләйлі-Мәжнүн» эпосының желісін білгенімізбен, көбіне авторын біле бермейміз. Оның үстіне ақынның қазақ тіліне аударылған шығармалары да түпнұсқадан емес, өзге тілдерге аударылған еңбектерден тәржімәлану арқылы жетті бізге. Ал, Шәкәрім Құдайбердіұлынан бастап, КСРО кезіндегі Әбдіраш Жәмішев, Қайрат Жұмағалиев сынды ақындардың аудармалары да Физулидің толық шығармалары емес. Бірен-сараң газалдары ғана. Сол себепті, шығыс шайырын қазақстандықтар арасында кеңінен насихаттау көзделуде.
Симпозиумға Түркиядағы Жүніс Әміре институтының директоры Ибрахим Гүлтекін, Гази унивреситетінің профессоры, доктор Яшар Айдемір, Әзербайжан Ғылым акадамеиясынан Закулла Байрамлы сынды бірқатар шетелдік ғалымдар мен отандық әдебиеттанушылар қатысады.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41