Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры ұлттық арнаға сұхбат берді
Халықаралық Валюта қоры Қазақстанның жалпы ішкі өнімнің өсімі бойынша биылғы болжамын жаңартпақшы. Бұл туралы Ұйымның басқарушы директоры Кристалина Георгиева Ұлттық арнаға берген эксклюзив сұхбатта мәлім етті. Халықаралық валюта қоры бұған дейін өсім 4,3 пайыз шамасында болады деген еді. Кристалина Георгиева енді 5 пайызға дейін жуықтайды деген болжамын жеткізді.
Кристалина Георгиева, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры:
Өйткені біз мемлекеттің әлемде бірінен соң бірі болып жатқан тосын жағдайларға қарсы қандай шаралар қабылдап жатқанын көріп отырмыз. Қазақстан экономикасын диверсификациялау бойынша және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту үшін барынша қолайлы жағдай жатқанын да білеміз. Былтыр ақпанда Қазақстандағы инфляция деңгейі 21 процентке дейін көтеріліп кеткені белгілі. Оны түсіру үшін де тиісті шаралар қабылданып, қазір түсе бастаған. Биыл 17 пайыз болып тұр.
Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін қажет ұсыныстарын да айтты. Сұхбаттың толық нұсқасы жексенбі 20:00-де «Апта» бағдарламасынан көрсетіледі.
Әлбина Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде сайлауды бақылаушыларға арналған жаңа нұсқаулық жарияланды
04.07.2026, 16:42
Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді
04.07.2026, 14:29
Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл: «Ғасыр дауысы» атты музыкалық кеш өтті
04.07.2026, 10:28
Ата Заң – әділетті қоғам кепілі
03.07.2026, 20:59
Жаңа Конституцияның тарихи құжаттары Президент архивіне тапсырылды
03.07.2026, 20:58
«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын
03.07.2026, 20:57
Мемлекет басшысы Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына орай құттықтау хат жолдады
03.07.2026, 20:56
Елордада киберспорттан Әлем чемпионаты өтеді
03.07.2026, 20:52