Сарапшы: Жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп төтеп беруге болады
«Соңғы жылдары ушыға түскен геосаяси тұрақсыздық, түрлі қаржылық дағдарыстарға бірлесіп, ашық пікір алмасу арқылы ғана төтеп беруге болады. Осы тұрғыдан алғанда Астана халықаралық форумының маңызы өте зор», - дейді Вашингтондағы Еуропа, Ресей және Еуразиялық зерттеулер институтының халықаралық қатынастар жөніндегі профессоры Себастьян Пейруз. Оның сөзінше, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс, көрші елге салынған санкция Орта Азияға да әсер ете бастады. «Сондықтан бұл мәселеде бірлесіп әрекет ету арқылы ғана тығырықтан шығуға болады», - дейді.
Себастьян Пейруз, Эллиот халықаралық қатынастар мектебінің профессоры:
Менің ойымша, қазір әлемде көп нәрсе күрт өзгеріп жатқан кезде пікір алмасатын білікті сарапшыларды тарту, оларға арнайы алаң ұсыну керек дүние. Өйткені біз өзекті мәселелерді жан-жақты ашық талқылауымыз керек. Қиындықтарға қалай қарсы тұрамыз, оларға қалай жауап берген дұрыс деген сияқты өзекті тақырыптар талқыланып жатыр.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысында ауылға көшетіндер қарасы артты
12.08.2026, 17:27
«Дипломмен – ауылға»: Маңғыстау облысында нәтиже беруде
12.08.2026, 17:25
Конституцияның негізгі діңгегі – отбасы
12.08.2026, 17:22
Партиялардың алғашқы командалық теледебаты өтеді
12.08.2026, 17:20
БАӘ-де екі дауыс беру учаскесі ашылады
12.08.2026, 17:17
Бүгін әлем халқы Күн тұтылғанын көреді
12.08.2026, 17:15
Индонезияның Бали аралында паром өртенді
12.08.2026, 17:13
Таиланд үкіметі қаруға рұқсат беруді тоқтатпақ
12.08.2026, 17:10