Сенат төрағасы Израиль кнессетінің спикерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы Израиль кнессетінің спикерімен кездесті

06.06.2023

Сенат Төрағасы бастаған бір топ Парламент депутаты Израильге барды. Мәулен Әшімбаев Кнессет Спикері Амир Оханамен кездесіп, екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақты одан әрі нығайту келешегін талқылады. Жоғарғы палата Төрағасы Израиль Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктестерінің бірі екенін айтты. Сондай-ақ заң шығару қызметі бойынша өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі пікірімен бөлісті. Кездесу барысында елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалардың нәтижелері де, сөз болды. Өз кезегінде Кнессет Спикері Амир Охана Қазақстанда қолға алынған қоғамдық-саяси өзгерістерді жоғары бағалап, алдағы уақытта барлық бағыт бойынша ынтымақты кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу