Астраханьда болған форумда медиа саласындағы мәселелер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астраханьда болған форумда медиа саласындағы мәселелер талқыланды

06.06.2023

Журналистерді халықаралық дәрежеде дайындайтын оқулық тапшы. Заманауи әдіс-тәсілмен қаруланған методика жоқтың қасы. Осы сияқты медиа салада қордаланған проблемалар Ресейдің Астрахань облысында өткен Каспий мемлекеттерінің форумында көтерілді. БАҚ көшбасшылары басқосқан жиында цифрлы журналистиканың ақсап жатқаны да айтылды. Жасанды интелект бағытына да сілкініс керек. Ғалымдар сарапшылар пулын құруды ұсынып отыр. Олар, білім жүйесін зерттеп, қайта түлетуге күш салады. Бұл бастаманы жауаптылар негізге алып, жастарға академиялық ұтқырлықпен шеберліктен өтуге мүмкіндік жасамақ.

 Мәншүк Мұқашева,  Халықаралық Еуразия телевидение және радио академиясының академигі:

Студенттер баяғы сарғайған қағазға жазып алған лекцияларды тыңдамай, іс жүзінде сол өндірісте редакцияларда, тәжірибелі журналистермен байланыста болып, өздерінің алған білімдерін шыңдауға үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.

Галина Белолипская, Астрахань мемлекеттік университеті, Журналистика факультетінің меңгерушісі:

Озық әдіске негізделген оқулық жоқ. Заманауи журналистиканың қыр-сырын меңгертетін методика әлі бекімеген. Каспий маңы елдерінің медиа ғалымдары бұл бағытта күш біріктіріп , мәселені шешеуге жұмыстанып жатырмыз. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу