19 мемлекеттің орталық банк өкілдері Астанаға жиналды
Елімізге 19 мемлекеттің орталық банктерінің өкілдері келді. Астанада әйгілі IPAF саммиті аясында алғаш рет инвестициялық форум өтіп жатыр. Іс-шарада ірі көлемде қарыз алып, борышын өтей алмай жүрген кәсіпкерлерге қолдау көрсету жайы талқыланып жатыр. Бүгінде осы мақсатта елімізде арнайы қор құрылған. Ол банкроттықтан шығуға, кәсібін қайтадан жандандыруға әлеуеті жетеді деген компанияларды іріктеп, қаржылай көмек береді. Мұндай қорлар Корея, Индонезия, Таиландта да бар екен. Бүгінгі халықаралық форумда олар өз тәжірибелерін ортаға салады.
Рок Воракитпокаторн, банк төрағасы /Таиланд/:
Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі. Мұнда ірі компаниялар көп. Алайда олардың бәрі бірдей табысты емес. Бұл кез келген елде солай. Сондықтан бұл ретте біздің бір-бірімізге үйрете алатынымыз көп деп ойлаймын.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04