Ел жаңалықтарына шолу
Бүгін – халықаралық жастар күні
Қазақстандық студенттер Жапонияда тегін білім ала алады
Қазақстандық студенттер Жапонияда тегін білім ала алады. Магистратура немесе
докторантурада оқимын деген студенттерге оқу ақысы, әуе билеттерін толық өтеу,
ай сайын 150 мың жапон иенасы көлемінде шәкіртақы қарастырады. 2027 жылы жүзеге асатын
бағдарлама жайлы толық ақпарат Ғылым және жоғары білім министрілігінің сайтында
бар.
Қазақстандықтар сұлулық салондарына 127 млрд теңге жұмсаған
Былтыр Қазақстандықтар сұлулық салондарына 127 млрд теңге жұмсаған. Ең көп
сұраныс шаштараз қызметтеріне. түскен. Оған тұрғындар 68 млрд теңгеге жуық
ақшасын шығындаған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5,3%-ға көп.
Маникюр мен педикюрді қоса алғандағы косметикалық қызметтерге 7,5 млрд
теңге, ал сұлулық салондарының өзге қызметтеріне 53 млрд теңгеге жуық қаражатын
берген.
Астанада 1700 адам жүгіріп жарысатын болды
Астанада 15 тамыз – Спорт күніне орай
жаппай жүгіру жарысы өтеді. Шара Триатлон саябағында болады. Қатысушылар
6,2 шақырым қашықтықты бағындырады. Қатысу тегін. Онлайн тіркеу 12 тамызда reg.elordasport.kz сайтында ашылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы