Жыл соңына дейін саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 460 мың тың құжат жария етілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 460 мың тың құжат жария етілмек

04.06.2023

Осы апта президенттің жұмыс кестесі тығыз болды. Алматыға да барды. Саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының жұмысымен танысып, зұлмат заманда сотталған, атылған адамдарды ақтау ісінің қалай жүріп жатқанын сұрап білді. Мекеме екі жыл бұрын құрылған еді. Содан бері осы орталыққа Ұлттық Қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінде бұған дейін аса құпия сақталған 260 мың құжат тапсырылды. Арасында тергеу мәліметтері, ату жазасына кесу туралы бұйрықтан бастап, Алаш арыстарының құжаттары, яғни, Ахмет Байтұрсынұлының түрмеде жазған хаты, Мағжан Жұмабаевтың паспорты, тіпті саусақ іздеріне дейін бар. Қазір орталық қызметкерлері осы сынды тарихи құжаттарды қалпына келтіріп жатыр. Өйткені кейбір қағаздар жыртылған, жазуы өшкен. Кейін материалдар Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі Республикалық комиссиясының қарауына берілмек.

Жыл соңына дейін саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 460 мың тың құжат жария етілмек. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысы соңғы 2 жылда қайта жандана түсті. Қазіргі дерек бойынша өткен ғасырдың 30-шы, 50-ші жылдар арасында 130 мыңдай адам қуғынға ұшырап, 25 мыңы ату жазасына кесілген. Бірақ, тарихшылар жазықсыз жаланың құрбаны болғандар әлі көп,-дейді. Өйткені, осы кезге дейін көпшілікке белгілі тұлғаларды ақтауға көп мән берілген. Ал зұлмат заманның зардабын көрген қарапайым азаматтар қаншама. Оларды ақтау жұмысы да қиын, себебі құжаттардың көбі жойылып немесе жоғалып кеткен.

Тың құжаттармен танысқан тарихшылар «Қазақ зиялылары бірін-бірі сатты» деген қоғамда қалыптасып қалған пікірді де түбегейлі өзгерту керек деген ойда. Себебі, архив материалдары арасынан бұрмаланған құжаттардың түпнұсқалары да табылып жатыр,-дейді. Онда қандай мәліметтер бар? Әлі қанша азаматты ақтау қажет? Сол жылдары халқымыздың қаншасы аштықтан қырылды? Аштықтың қолдан жасалғанын дәлелдейтін қандай құпиялар ашылып жатыр? 

Жанат Түгелбаев , Ақмола облысының тұрғыны:

Күйеуіңізбен жолығыңыз, келіңіз деп шақырып сол жерде қамаған. Қайсар Таштетов деген жастар комсомол одағының бірінші хатшысының жұбайы болды. Соның зардабын толығымен көрген.

Юрий Михайлұлы, Ресейден келген азамат:

Менің әжем осы жерге айдауға жіберілген. Біздің ұлтымыз - Башқұрт. Әжемді қажетті ақпаратты тиісті органдарға өз еркімен айтпадың деп айыптаған. Сол жаланың кесірінен осы жерде 8 жыл азапты өмір сүрген.

Самат Тергенбаев, «Алжир» мемориалды-мұражай кешенінің директоры:

«Алжир» музейінің тарихы өте қасіретке толы. Бұл жерде 20 мыңға жуық әйел этаппен өтті десек, соның жартысынан көбінің құжаттары Кеңес үкіметі тараған кезде жоғалып кеткен.

Сабыр Қасымов, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшесі:

Осы комиссияның тарапында 2 млн 400 мың бұрынғы құпия болған документтер құпиясыздандырылды. 3 млннан астам әлі ақталған жоқ.

Марат Өтегенов, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшесі:

Егер де 1926 жылы 6 млн адам болса, ал 39 жылы аштықтан кейін екі-ақ млн адам қалған. Көптеген істер жасанды болған. Қолдан жасалған істер көбінесе.

Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Репрессия жеке әулеттерге бағытталған. Мәселен, Арылғазы ханның тұқымдарына. Құнанбайдың тұқымдары, Абайдың тұқымдары репрессияға алынды. Мәселен, біз осы уақытқа дейін байларды тек қана жаман атпен атап келдік. Ал байлардың үлкен бөлігі сол Алаш қозғалысы, азаттық қозғалысы басталған уақытта ат салысқан, қаржы бөлген. Осы уақытқа дейін жабық болып келген архив құжаттары тарихшыларға ашылды. Соған байланысты 31 томдық жарық көрді.

Марат Өтегенов, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшесі:

Комиссияға дейін 300 мың адам ақталған 60-жылдан бері. Ал комиссия жұмыс істеп жатқалы, міне 3 жылда 370 мың ақталған.

Шәмек Тілеубаев, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары:

Президент архивінде арнайы басқарма құрылды. Сол жаққа 700 мыңнан аса тергеу істері түскен екен. Деректермен таныстым айналымға енбеген. Олардың ешқайсысында қазақтар бірін-бірі сатты деген дерек жоқ. Алып-қашпа әңгіме көп.

Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

20-30 жылдары репрессия жағдайында мынау қыспаққа түскен азаматтардың жағдайын біз тура түсінуіміз керек. Қазақтар бірін-бірі ұстап берді сатты деген нәрсе бұл кезінде НКВД-ның, КГБ-ның қойнауында өмірге келген МИФ, аңыз.

Шәмек Тілеубаев, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары:

Кезінде тергеудің заңсыз әдістері дегенді қолданған. Конвейер деген әдіс қолданған екен да. Тергеушілер ауысады, тергейтін адамды ұйықтатпайды. Адамдар есі ауып кетеді. Есі ауған кезде дайындап берген құжаттарға қол қояды.

Құрманғали Дәркенов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры:

Сол кезеңде Қазақстанға 493 мың 500 тонна ет салығы салынды. 02:20 Американдық ғалым Сара Камеронның және италияндық ғалым Никола Пенчоуидің есебі бойынша бұл 24 млнға жуық мал. Жалпы сол кезеңде Ресейге жеткізілген еттің пайызы Қазақстаннан барды. Егер қазақстанда ашаршылыққа дейін 45 млн мал болса сол кезеңде енді ашаршылықтан соң Қазақстанда 4 млн мал қалды. Яғни, малдың 90 пайызы жойылды.

Тұңғышбай Мұқан, әлихантанушы:

Сейілбек деген ақсақалдың жазбасында айтады. Мұз қатқанша балық ауладық. Көлдің жиегінде 2-3 мая балық үйіліп тұрды. Бұл балықты ішкі Ресейге жіберіледі деп солдаттар күндіз-түні күзетеді дейді. Аш адамдар жаңағы керге келіп, жалынып бір балық берші деп сұрайды дейді. +01:42 Бірақ ана күзетшілер оларды мылтықпен бір ұрады дейді. Таңертең жаңағы адамның өліп жатқанын көреміз дейді.

Шәмек Тілеубаев, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары:

Жетісудан 300 мыңдай босқындар Қытай асып кеткен. Ел арасында тараған әңгімеге сүйенсек, «Қорғас қырғыны» деген болған. Жергілікті тұрғындар айтады шекарадан бір өту кезінде мына Қорғаста 500 адамды атып салған. Ондай әр өңірде болған. Сондықтан, босқындар мәселесі арнайы қарастыратын бағыт.

Тұңғышбай Мұқан, әлихантанушы:

«Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні дейді». «Аза тұту күні» деп өзгерту керек. Еске алу деген ол жай ғана, адам жақсылықты да, тойды да еске алады. Ал, «Аза тұту күні» десек шын мәнісінде қуғын-сүргін ашаршылықтың бетін ашамыз ұрпаққа.

Амангелді Сейтхан

Хабарламаларға жазылу