«Өзенмұнайгаздың» қаржы-шаруашылық қызметін тексеру кезінде 160 заң бұзушылық анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өзенмұнайгаздың» қаржы-шаруашылық қызметін тексеру кезінде 160 заң бұзушылық анықталды

03.06.2023

«Өзенмұнайгаздың» қаржы-шаруашылық қызметін тексеру кезінде 160 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде 7 факті құқық қорғау органдарына жөнелтілген. 10 дерек бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр. 101 факті бойынша жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылатын болады. Бұл жайында «ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметі хабар таратты.

Жаңаөзен қаласында ұлттық компанияның арнайы жұмыс тобы тексеріс жүргізуді жалғастырып жатыр. Олар 55 шаруашылық қызмет нысаны, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» мекемесінің 17 өндірістік құрылымдық бөлімшесі, 8 мұнай сервис ұйымы мен 30 басқа да мердігер ұйымның қызметі талданған.


Хабарламаларға жазылу