Біздің елде шетелдік мамандар жергілікті жұмысшыдан он есе көп жалақы алатыны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біздің елде шетелдік мамандар жергілікті жұмысшыдан он есе көп жалақы алатыны анықталды

31.03.2023

Біздің елде шетелдік мамандар жергілікті жұмысшыдан 10 еседей көп жалақы алып келген. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі айтты. Заң бұзушылықтар шетелден жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарды тексеру кезінде анықталған. 64 нысанға мониторинг жүргізіліп, 1150 бұзушылық әшкере болды. Оның басым бөлігінде қазақстандық және шетелдік қызметкерлердің еңбекақысындағы айырма жер мен көктей екені анықталған.

Төлеген Оспанқұлов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитет төрағасы:

Алматы облысында «CITIC Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Қытайдан келген инженердің жалақысы сол лауазымдағы жергілікті мамандағы жұмысшының жалақысынан екі жарым есе көп болғаны анықталды. Атырау облысындағы «Фиркрофт Инжиниринг Сервисез Лимитед» компаниясында тура сондай жағдай бойынша мамандардың жалақысы он есе көп болып шықты.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу