Жамбылда 45 миллиард теңге қазына қаржысы мақсатсыз жұмсалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда 45 миллиард теңге қазына қаржысы мақсатсыз жұмсалған

12.09.2023

Жамбылда 45 миллиард теңге қазына қаржысы мақсатсыз жұмсалған. Бұл олқылықты облыстық тексеру комиссиясы анықтады.

Олар негізгі бес саланың қаржылық қызметін жіті тексерген. Әсіресе құрылыс саласында шикілік көп. Жаңадан салынған бірнеше әлеуметтік нысанның құрылыс қажеттілігіне 17 млрд теңге жұмсалған. Бірақ құжат бойынша жұмыс актілері болмай шығады. Ал Тараздың 80 пайызын жылумен қамтып отырған «Тараз Энерго орталығы» 243 млн теңгені мекеменің қарызын жабуға бөлген. Негізінде бұл ақша қысқа дайындық ретінде қазандықты жаңартуға қарастырылған. Сондай-ақ Сарысудағы «Жаңатас-Су-Жылу» кәсіпорыны жұмысқа қажеттілігі жоқ автокөлік пен қарда жүретін көлік сатып алған. Мұндай заң бұзушылық денсаулық сақтау, энергетика, спорт, автомобиль жолдары және бюджетті жоспарлау басқармасынан да анықталды.

Ермек Қарабаев, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының м.а:

Ағымдағы жылдың 8 ай ішінде 5 аудиттік шара жүргізілген. Жауапты 70 қызметкерге тәртіптік шара қолданылды. 40 жауапты қызметкерге әкімшілік шаралар қолдану үшін уәкілетті органдарға материалдар жіберілді.


Данияр Әлімқұл 

Хабарламаларға жазылу