Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына орай халықаралық ақындар айтысы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына орай халықаралық ақындар айтысы өтуде

21.10.2015
Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына орай халықаралық ақындар айтысы өтуде
«Менің пірім – Сүйінбай» атты жыр додасына 18 ақын келді.

Халық ақыны өз заманында негізінен ұлттың бірлігін, халықтың тірлігін жырлаған. Ел іргесі ыдыраған алмағайып кезеңде қазақ руларын біріктіруге Сүйінбай ақынның қосқан үлесі сүбелі.

Жыр алыбы Жамбылдың ұстазы болған аузы дуалы ақын айтыс өнерінде айшықты із қалдырды. Бүгінде осы игі дәстүр өз жалғасын тауып, жетісулық көрермен бір туған қазақ-қырғыздың өнеріне тәнті болды.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу