Талдықорғанда ақындар айтысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда ақындар айтысы өтті

05.11.2021

Талдықорғанда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай халықаралық ақындар айтысы өтті. Жыр додасында ақындар ел бірлігін, Тәуелсіздіктің 30 жылдағы жемісін тақырыпқа арқау етті. Қазақ-қырғыз шәйірлары суырып салма өнердің хас шеберлері Сүйінбай мен Қатағанның айтысын көрсетуге тырысты. Ең бастысы екі ел арасындағы бірлікті айтып, бауырлас халықтардың ауызбірлігін жырлады. Айта кету керек, дәл осындай айтыс қырғыз елінде өтіп, екі елдің ақындарына лайықты құрмет көрсетілген болатын.

Дархан Қыдырәлі, қазылар алқасының төрағасы:

Сүйінбай мен Қатағанның, Жамбыл мен Тоқтағұлдың достығының жалғасындай бүкіл ақындарға бәйге тігіліп отыр. Бұл екі халықтың, бауырлас елдің жалғастыра беретін алтын арқау болады деп үміттенеміз.


Хабарламаларға жазылу