Отандық киногерлер Лондонда «үздік» деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық киногерлер Лондонда «үздік» деп танылды

31.05.2023

Еуразиялық фильмдердің бесінші фестивалінде Марина Қонарованың «Ұлы дала зары» фильмі гран-приге ие болды. Көркем дүние ашаршылық кезінде Қазақстан халқының басынан өткерген шынайы тарихи оқиғалары туралы сыр шертеді. Бұдан бөлек, Әбіш Кекілбайұлы шығармасының желісі бойынша түсірілген «Ұйқыдағы арудың оянуы» атты деректі фильмі «Көрермендер көзайымы» номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар қазақстандық киногер Жорабек Мұсабаев «Орыс тіліндегі үздік сценарий» және Саид Әшірбаев «Үздік жас режиссер» аталымдары бойынша марапатталды. 

 Гаретт Стамп, Еуразиялық фильмдер фестивалінің төрағасы:

Жұртшылық Қазақстан туралы хабардар болуы керек. Осындай фильмдер арқылы «Ұлы дала елінің» бай мәдениеті мен тарихы туралы әлем халқының білетіні рас.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу