Көкшетауда «Алаш руханиятындағы Мағжанның орны мен қызметі» атты конференция өтті
Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы әлі де зерттеуді қажет етеді. Бұл туралы Көкшетауда өткен «Алаш руханиятындағы Мағжанның орны мен қызметі» атты республикалық конференцияда айтылды. Мағжантанушылар көрші Ресей еліндегі «қуған сүргін құрбандары» жайлы жасырын құжаттарды толықтай зерттей алмағандарын айтады. Ұлт зиялысы туралы құнды деректер аудан және облыс орталықтарындағы мұрағаттардан жүйелі түрде іздестірілген жоқ. Сондай-ақ конференцияға жиналған ғалымдар қаламгердің шығармаларын ағылшын, француз, испан тілдеріне аудару мәселесіне кеңінен тоқталды.
Марат Әбсеметов, тарих ғылымдарының докторы:
Мағжанды зерттегенде қазір біздің Қазақстан архивтері ашылды. Біз осы 90 жылдары Міржақыпты, Мағжан, Ахмет Байтұрсынұлын зерттедік. Ол кезде бұрын архивтер ашық еді. Соңғы жылдары мына Ресей архивтері көбінесе жабылып қалды. Прокуратура, КНБ архивтерінде талай құнды заттар жатыр.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06