Елдегі метрология саласында маман тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі метрология саласында маман тапшы

26.05.2023

Метрология саласын түбегейлі цифрландыру керек. Әйтпесе әлемдік көшке ілесу мүмкін емес. Тауар алмасуда өлшем сәйкестігі маңызды рөл атқарады. Елордада Қазақстан метрологиясының 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. Оған 15 елдің делегаттары, 300-ден астам зерттеуші- ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Метрология – кез келген салаға қажет термин. Сауда, медицина, өнім сапасы мен қауіпсіздігіне жауап береді. Сондықтан біздің тауарлар экспортталатын елдер алдымен осы бағыттағы құжаттарды сұрайды. Жиында бірқатар шетелдік компаниялармен келіссөз жүргізілді. Мәселен, Сауд Арабиясымен халал сертификатына қатысты меморандум жасасты. Себебі салаға қажет маман тапшы.

Гүлайхан Сүйеубаева, «Қазстандарт» Мемлекеттік эталондар департаментінің басшысы:

Осы форум барысында біздер меморандум жасадық. Ең біріншіден Сауд Арабиясының ұлттық мекемесімен меморандум қарастырдық халал метрология саласына байланысты. Яғни, жаңағы тәжірибе алмасу, оқытуға байланысты.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу