Әлеуметтік осал топтағы адамдарға жеке баспана кезегін жасау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік осал топтағы адамдарға жеке баспана кезегін жасау қажет

24.05.2023

Ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды және мүмкіндігі шектеулі ересектерді «тұрғын үймен» қамтамасыз ету үшін «жеке кезек» жасау қажет. Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева саладағы мәселені көтерді. Әлеуметтік мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге арналған бағдарламалар бар. Бірақ олар қолжетімсіз деді депутат. Азаматтар кезекті ұзақ күтуге мәжбүр. Қаржыландыру шектелуі, салынып жатқан тұрғын үйлер жеткіліксіз. Айтуынша, жеңілдетілген мемлекеттік тұрғын үй алуға кезекте тұрған 637 мыңға жуық адамның 415 мыңнан астамы халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жатады. Депутат «Бақытты отбасы» бағдарламасына толық емес отбасыларды да қосуды ұсынды.

Гаухар Танашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан Халық Партиясы» фракциясының мүшесі:

«Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны міндетті шарттардан алып тастауды немесе үш санатқа тұрғын үй сертификатын беруді қамтамасыз етуді ұсынамыз. Бастапқы жарнаны төлемей, баспана алудың баламалы тетіктерін енгізуді қарастыруыңызды сұраймыз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу