Биыл қылмыстық істерді жүргізу толығымен электрондық форматқа көшіріледі
Биыл қылмыстық істерді жүргізу толығымен электрондық форматқа көшіріледі. Бүгін жасанды интеллекті сот жүйесінде тиімді пайдаланудың тетіктері пысықталды. Электронды сот төрелігі жүйені жаңғыртудың бір бағыты. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сот төрелігін қолжетімді әрі ашық етуге мүмкіндік береді. Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еурокомиссияның 2020-2022 жылдардағы соттардың ІТ-технологияларды қолдану жөніндегі шолуларында Қазақстан 47 елдің ішінде 4 орынға ие болды. Жиында сала мамандары жасанды интеллекті дамыту бойынша ой бөлісіп, пікір алмасты.
Сәкен Абдолла, ҚР Жоғарғы сотының судьясы:
Сот практикасы дейміз. Осы жасанды интеллект соны саралап, сосын болжам жасауға болады. Істі сотқа берер кезде, барар кезде ұтасың ба, ұтыласың ба, қанша пайыз болуы мүмкін деген сияқты мәселелер ғой.
Саид Гулямов, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесі төрағасы:
Жасанды интеллект ең алдымен сот жүйесінің ашықтығын қамтамыз етеді. Істі қарау мерзімін қысқартады. Қандай да бір олқылық болса оны саралап, шешу жолдарын да ұсына алады. Мұның барлығы адам құқықтарын қорғауға бағытталған.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«TURGYNDAR AMANATY» жобасы басталды
12.05.2026, 20:59
Дәрігерлер орфан ауруын кешіктірмей анықтауға ден қойып отыр
12.05.2026, 20:57
Республикалық құмай тазылар жарысы өтті
12.05.2026, 20:53
Үстел теннисінен Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
12.05.2026, 20:52
Жаңа Конституцияға «Миранда қағидасы» енгізілді
12.05.2026, 20:50
Алдағы демалыс күндері LRT іске қосылады
12.05.2026, 20:15
Жаяу адамды басып кеткен әйелдің көлік жүргізу құқығы болмаған
12.05.2026, 20:13
Трамп Иранның бейбітшілік туралы ұсынысын қабылдамады
12.05.2026, 20:10