Еуропа қазақтарының дәстүрлі құрылтайы Германияның Кёльн қаласында өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа қазақтарының дәстүрлі құрылтайы Германияның Кёльн қаласында өтеді

17.05.2023

Еуропа қазақтарының дәстүрлі құрылтайы осы айдың соңында Германияның Кёльн қаласында өтеді. Жиын аясында алғаш рет қазақ жастарының басқосуы болады. Бұл туралы «Отандастар қоры» жанындағы Қоғамдық комиссияның отырысында айтылды. Ал АҚШ-та тұңғыш қазақтар форумы өтпек. Қор өкілдерінің айтуынша, жазда шетелде тұратын 200 қазақ баласы Бурабайда лагерьде демалады. Жиында шетелдегі қандастарымызды Солтүстік аймақтарға қоныстандыру жұмыстарын ширату тетіктері де қаралды. Қор бұл бағытта Сыртқы Істер министрлігімен бірлесіп, «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қандастарға материалдық көмек көрсету, баспанамен және жұмыспен қамту жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.

Абзал Сапарбекұлы, «Отандастар қоры» КЕ АҚ президенті:

Моңғолиядан 185 жанұя көшіп келуді жоспарлап отыр. Ол бойынша қазір 15 жанұя көшіп келді. Олардың да басым көпшілігі осы Солтүстік облыстарға көшуді жоспарлап отыр. Мыңға жуық қандас мәртебесін алуға Түркіменстаннан өтініш бар.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу