Қостанай облысында 3,5 млн-нан астам көшет отырғызылды
Өткен жылы күзде Қостанай облысы Әулиекөл ауданында болған өрт зардабын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Мұндағы орман шаруашылықтарындағы 735 гектар жерге қазірдің өзінде 3 жарым миллионнан астам көшет отырғызылған. Бұған қоса тазарту жұмыстары да жүргізілуде. Бірінші жартыжылдықта 307 мың текше метр ағаш кесу жоспарланған. Ереже бойынша оларды сатудан түскен 448 млн теңге орманды қорғау мен сақтау үшін қажетті техникаларды сатып алуға жұмсалады. Мамандардың айтуынша, жанған орманды тазартып, экожүйені қалыпқа келтіру үшін 5-6 жыл қажет. Еске сала кетейік, аймақтағы орман өрті шамамен 40 мың гектар аумақты шарпып, 22 млрд теңге шығын келтірілген болатын.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«TURGYNDAR AMANATY» жобасы басталды
12.05.2026, 20:59
Дәрігерлер орфан ауруын кешіктірмей анықтауға ден қойып отыр
12.05.2026, 20:57
Республикалық құмай тазылар жарысы өтті
12.05.2026, 20:53
Үстел теннисінен Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
12.05.2026, 20:52
Жаңа Конституцияға «Миранда қағидасы» енгізілді
12.05.2026, 20:50
Алдағы демалыс күндері LRT іске қосылады
12.05.2026, 20:15
Жаяу адамды басып кеткен әйелдің көлік жүргізу құқығы болмаған
12.05.2026, 20:13
Трамп Иранның бейбітшілік туралы ұсынысын қабылдамады
12.05.2026, 20:10