Елордада «Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық ата-аналар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық ата-аналар форумы өтті

16.05.2023

Отбасы құндылықтарын сақтап, балаға дұрыс тәрбие беру үшін қоғамдық сананы арттыру қажет. Елордада өткен «Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық ата-аналар форумына қатысушылардың пікірі осындай. Әр азамат өзінің отбасы алдындағы жауапкершілігін дұрыс түсініп, құндылықтарды терең сезінуі тиіс. Ұлттық тәрбие, әдет ғұрып пен салауатты өмір салтын насихаттау, баланы дұрыс тамақтандыру да негізгі ұстаным болуы шарт. Сонда ғана саналы қоғам қалыптасып, ол ұрпақтан-ұрпаққа мирас болады.

Нәзипа Шанаи, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрағасы:

Саналы қоғам деген – мәдениетті қоғам. Мектепте жұмыс істеп жүрген адам да біздің қоғамымыздың адамы. Билікте басқарып жүрген адам да қоғамның адамы. Қоғам тәрбиелеген адам. Сол әр басқан қадамымыз ол біздің балаларымыздың санасында қалатын және балаларымызды тәрбиелейтін кәдімгі іс-әркет.

Баян Ахметова, Ата-аналар комитетінің мүшесі:

Ұлттың болашағы – біздің ұрпағымыз. Осы ұрпақтың денсаулығының мықты болуы оның тікелей тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтанбаудың салдарынан балалар арасында кішкентай кезінен бастап көптеген аурулар кездесіп жатыр.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу