«AMANAT CUP» XXI республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды
«AMANAT CUP» XXI республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды. Алматы қаласында өткен турнирге 60 команда қатысты. Ойындардың қорытындысы бойынша арнайы кубокты Қызылорда облысынан келген «Аманатқа қиянат жасама» фракциясы, күміс жүлдені алматылық «Дулат» командасы, үшінші орынды Алматы облысының «Әди Шәріпов» командасы жеңіп алды. Өз кезегінде «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев барша пікірсайысшыларды ауқымды турнирдің аяқталуымен құттықтады.
Нұржан Жетпісбаев, «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы:
Еліміздің пікірсайыс қозғалысының кіл мықтысын анықтау үшін таза рейтингтік іріктеу жүйесін енгіздік.18 бен 35 жас арасында 60 рейтингтік команда іріктеліп, осы жерге рейтингісі жоғары командалар келіп жатыр. Яғни өте тартысты. Алғашқы іріктеу турларынан бастап, кәсіби, деңгейі жоғары ойындарды біз күтудеміз.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«TURGYNDAR AMANATY» жобасы басталды
12.05.2026, 20:59
Дәрігерлер орфан ауруын кешіктірмей анықтауға ден қойып отыр
12.05.2026, 20:57
Республикалық құмай тазылар жарысы өтті
12.05.2026, 20:53
Үстел теннисінен Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
12.05.2026, 20:52
Жаңа Конституцияға «Миранда қағидасы» енгізілді
12.05.2026, 20:50
Алдағы демалыс күндері LRT іске қосылады
12.05.2026, 20:15
Жаяу адамды басып кеткен әйелдің көлік жүргізу құқығы болмаған
12.05.2026, 20:13
Трамп Иранның бейбітшілік туралы ұсынысын қабылдамады
12.05.2026, 20:10