Ұлттық қор: Балаларға келер жылдан бастап төлемдер аударылады
Ұлттық қордан балаларға келесі жылы ақпан айынан бастап қаражат аударыла бастайды. Бұл туралы Қаржы министрінің орынбасары Дәурен Темірбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, тамызға дейін Ұлттық қордағы аудит нәтижелері туралы жылдық есепті бекіту жоспарланған. Бұл ақпаратты Ұлттық Банк 1 қыркүйекке дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді. Соның негізінде нақты қанша балаға, қандай мөлшерде төлем беру керегі шешіледі. Ескеретін жайт, кәмелетке толмай азаматтығын ауыстырғандар бұл төлемді алу құқығынан айырылады. Ол қаржы басқа балалардың арасында теңдей бөлінеді.
Дәурен Темірбеков, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:
Қазір 17 жастағы балаларға бір реттік төлем алады. Ол төлемдер 2024 жылдың ақпан айынан бастап беріле бастайды. Яғни 1 ақпанда дүниеге келген балалар Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өтінім бере алады. Ол үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Бұл жерде зейнетақы қорындағы қаражатты алған кездегі тәжірибе қолданылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«TURGYNDAR AMANATY» жобасы басталды
12.05.2026, 20:59
Дәрігерлер орфан ауруын кешіктірмей анықтауға ден қойып отыр
12.05.2026, 20:57
Республикалық құмай тазылар жарысы өтті
12.05.2026, 20:53
Үстел теннисінен Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
12.05.2026, 20:52
Жаңа Конституцияға «Миранда қағидасы» енгізілді
12.05.2026, 20:50
Алдағы демалыс күндері LRT іске қосылады
12.05.2026, 20:15
Жаяу адамды басып кеткен әйелдің көлік жүргізу құқығы болмаған
12.05.2026, 20:13
Трамп Иранның бейбітшілік туралы ұсынысын қабылдамады
12.05.2026, 20:10