Алматыда дауылпаз диктор Әнуарбек Байжанбаев атындағы студия ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда дауылпаз диктор Әнуарбек Байжанбаев атындағы студия ашылды

12.05.2023

Алматыда қазақтың «Алтын дауысы» атанған дауылпаз диктор, Қазақстанның халық әртісі Әнуарбек Байжанбаев атындағы студия ашылды.

Салтанатты шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі, радио ардагерлері мен журналистер қатысты. Министр айтулы оқиғамен құттықтап, әйгілі диктордың ел руханиятына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті. Биыл біртуар тұлғаның туғанына тура 100 жыл. Мерейтойға орай диктор өмір бойы еңбек еткен «Қазақ Радиосының» тікелей эфир студиясына есімі беріліп отыр. Студия қабырғасына Әнуарбек Байжанбаевтың бейнесі бедерленді. Айта кетейік, алғы сөзін «Алматыдан сөйлеп тұрмыз» деп бастайтын жезтаңдай диктордың дауысымен оқылған 400-ден астам жазба, 10 мыңдай әдеби-музыкалық туынды «Қазақ Радиосының» алтын қорында сақтаулы.

Арыс Байжанбаев, Ә.Байжанбаевтың ұлы, радио ардагері:

Менің әкем 45 жыл істеді, мен 50 жыл істедім. Жұмыс десе басын беретін. Осы жерде талай дикторға аяқ киімін тігіп берген. Бұл маған өте қуанышты жағдай.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу